Ұзынағаштағы 3 ағайындының өліміне қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұзынағаштағы 3 ағайындының өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Ұзынағаштағы 3 ағайындының өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Ұзынағаштағы ағайынды 3 азаматтың өліміне қатысы бар болуы мүмкін дегендердің қатары күн өткен сайын көбейіп келеді. Жақында ғана қыл

  • 5 Қараша 2016
  • 904
Фото - Caravan.kz

Ұзынағаштағы ағайынды 3 азаматтың өліміне қатысы бар болуы мүмкін дегендердің қатары күн өткен сайын көбейіп келеді.

Жақында ғана қылмысқа қатысы бар деп үшінші күдікті ұсталса, кеше марқұмның жақындары қылмыс жасалған қару иесінің атын атады. Сонымен қатар ағайынды 3 азаматтың туыстары еш жерде көрсетілмеген кей мәселелерді айтып берді, деп хабарлайды 31 арна.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, қылмыс жасалған қарудың иесі Қаскелең тұрғыны Жанай Сүлейменов есімді азамат екен. Ол 3 азаматты өлтірді деген күдікпен ұсталған Талғат Сүлейменовтың туысқан ағасы болып шықты. Жәбірленушілердің сөзінше, ол бұған дейін полицияда қызмет істепті.

«Бұрын Талғат қаруды 100 мың теңгеге көпірдің астында Валерий деген орыстан сатып алдым деген. Бірақ ол ағама зияны тимесін деп осылай айттым дейді. Қару Жанай Сүлейменовтікі болып шықты», -дейді жәбірленуші Еркін Бейсеке.

Ел естімеген тағы бір айғақ — мал жайлы. Жоғалған 41 бас ірі қараның 36-сы иелеріне қайтарылып, қалған 5-уін күдіктілер сатып жібердік деген. Ескеретін жайт, мал сатыларда толық құжатымен сатылады. Бірақ, күдіктілер тергеушілерге сатып жібердік деген 5 малдың да, яғни барлығы 41 бас ірі қараның құжатын берген. Сонда қазір жоғалған 5 мал сатылмаған, оларды күдіктілер, не болмаса, олардың сыбайластары тығып отыр дейді марқұмның туыстары.

«Екі қылмыскердің сөзі екі түрлі. Осылай болып тұр. Сенімсіз. Тексердік дейді. Бірақ олардың сөздері бір бірінікіне келмейді. Одан басқа факт жоқ екен», — деп түсіндірді жәбірленуші Адал Зарылхан.


Осындай мәселелер ескерілгенде, талай шикіліктің шеті шығып, қылмыстың басында тұрған адамдардың аттары да шығар еді дейді марқұмның жақындары. Қазір қамауға алынған Мұрат Оңалбаев, Талғат Сүлейменов және қылмысты көре тұра полицияға хабарламады деген Бақыт Байқасымов есімді азамат. Ұзынағашта ағайынды Мұқият, Қадылбек және Жарқын деген жігіттерді өлтірді дегендерге қатысты сот отырысы қашан болатыны қарашаның 15-не қарай белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар