Вагонда жарылғыш зат орнатылғаны жөніндегі ақпаратқа байланысты Қызылорда-Көкшетау поезының жолаушылары басқа жаққа көшірілді
13-ақпанда түнгі 00 сағат 12 минутта облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының оперативті кезекшісіне Алматының көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІБ-ның оперативті кезекшісінен Қызылорда -Көкшетау бағытындағы №55 жолаушы тасымалдаушы поезының №3 вагонында жарылғыш зат орнатылғандығы туралы ақпарат келіп түскен. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Агенттік ақпаратына сәйкес, бұл кезде отарба Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр ауылындағы теміржол бекетінде тұрған. Поезд жолдың тұйықталымына жеткізіліп, составтан бөліп алынған №3 вагон 1500 метр қашықтыққа апарылып, қоршауға алынды. Жолаушылар теміржол бекетінің ғимаратына орналастырылып, таңертеңгі сағат 05.55-ке дейін сол жерден өткен отарбаларға отырғызылды.
05.15-те Ағадыр станциясына құрама оперативтік топ жетіп, составты тексере бастады. Тексеру шаралары 7 сағат 30 минутта аяқталып, жарылғыш зат табылмады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін