Аталған күндері екпе салдырған азаматтар арасында жеңімпаздарды анықтау үшін 15.08.2021 ж.сағат 12:00-де @bakhytzhan_pozilov Instagram аккаунтында онлайн режимде ұтыс ойыны тікелей эфирде өткізіледі. Ұтыс ойынның жеңімпаздары емдеу мекемелеріндегі базада тіркелген ЖСН нөмірі бойынша кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықталады. Демек, вакцина салдырған азаматтардың “ iPhone 12” ұялы телефонын ұтып алуға мүмкіндігі зор. Барлығыңызға сәттілік тілейміз!