Вашингтонда энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан -АҚШ келіссөздері жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вашингтонда энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан -АҚШ келіссөздері жүргізіледі

Вашингтонда энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан -АҚШ келіссөздері жүргізіледі

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Вашингтонда наурыздың 10 мен 12 аралығында энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан -АҚШ комиссиясының 5-ші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 11 Наурыз 2008
  • 415
Фото - Caravan.kz

Комиссия отырысының барысында мұнай және газ саласындағы екі жақты ынтымақтастық, электр энергетикасы мен балама қуат көздерін дамыту, қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

Бұл комиссияның Қазақстан жағының тең төрағасы энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, АҚШ жағынан — энергетика министрі Самуил Бодман болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті