Жарияланды: 470

Василий Левиттің балалық шағындағы арманы Риода орындалды

Василий Левиттің балалық шағындағы арманы Риода орындалды

Олимпиада ойындарына қатысу қазақстандық боксшы Василий Левиттің бала кезіндегі арманы болып шықты. Бұл жайында Олимпиада-2016 додасының күміс жүлдегері өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Балалық шағымның арманы орындалды, мен бұл жерге келу мақсатымды іске асырдым», - деп жазды Василий Риода түскен фотосуреттің астына.

Естеріңізге сала кетейік, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасты. Василий Левит жартылай финалда кубалық боксшы Эрисланди Савонмен жекпе-жекке шығып, оны 2:1 есебімен ұтқан болатын. Василий Левит екі дүркін Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы. Ол Олимпиаданың ширек финалында мавританиялық Кенеди Сен-Пьеррді 3:0 есебімен ұтып, жарыс жолынан тайдырған болатын. Ал оның алдындағы іріктеу сайыстарында қытайлық Юй Фенкайды екінші раундта нокдаунға түсіріп, үшінші  раундта қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартқан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Олимпиада финалында Евгений Тищенко Василий Левитті жеңгеннен кейін залда отырған жанкүйерлер ресейлікке жеңісті алып берген төрешілер шешіміне наразылық танытты. Спортшылар 91 келіге дейінгі салмақ санатында жұдырықтасқан болатын кездесу аяқталғаннан кейін бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңіс 2015 жылғы әлем чемпионы ресейлік Евгений Тищенкоға берілді. Мұндай шешімге риза болмаған көрермендер айқайлап, наразылықтарын танытты. Тіпті бірқатары «Қазақстан!» деп ұрандатқан да болатын.

AIBA президенті Чинг Куо-Ву мәлімдегеніндей, қандай болса да, қазылардың шешімін сыйлау қажет. AIBA ережесі бойынша, қазылар шешіміне қатысты шағымдар қабылданбайды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін