Жарияланды: 380

В.Челахқа қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты сот залынан репортаж

В.Челахқа қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты сот залынан репортаж

Шекарашы Владислав Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсенов сотта төрағалық етіп отырған судья Ербол Ахметжановқа наразы екенін айтып, өтініш жасады.

"Ресми түрде төрағалық жасап отырған судьяға қарсы өтінішімді білдіремін", - деді ол Талдықорған қаласында өтіп жатқан сот отырысында."Мен судьяның әділдігіне күмәнім бар", - деп мәлімдеді адвокат. с. Сәрсеновтың пікірінше, бұзушылықтың бірі - сот отырысын Алматыда емес, Талдықорғанда өткізілуі. Сондай-ақ, судья наразылық пен өтініштерді, сұрақтарды жауапсыз қалдырып жатыр. Судья 10 минут үзіліс сұрады. Сонымен бірге адвокат Серік Сәрсенов «Арқанкерген» бекетінде 15 емес, 18 мәйіт табылғанын айтады. «Оқиға орнынан 15 адамның емес, 18 адамның мәйіті табылғанын ресми хабарлаймын», - деп С.Сәрсенов бүгін Талдықорғанда сот отырысы арасындағы үзілісте журналистерге мәлімдеді. Ол іс материалдарын негізге алып отырғанын айтады. «Тағы үш мәйіттің кімдікі екенін тергеу анықтамады және бұл фактілерді жасырып отыр», дейді адвокат. Адвокат олардың 18 мәйітті неге 15 деп отырғанын білмеймін дейді. Ол осы айтқандарының сот тергеуі барысында нақты іс материалдарымен расталатынын айтады. Сот процесі сейсенбінің 14:30 сағатына ауыстырылды. Жоғарыда айтылғандай, 10 минут үзілістен кейін сот адвокат Серік Сәрсеновтің берген өтінішіне байланысты судья Ербол Ахметжанов: "Бізде екі құрамдық сот, екінші судья - Алматыда, ол түстен кейін келіп, сіздің өтінішіңізді қарайды", - деп жауап берді. "Сот отырысы сағат 14:30-ға шегеріледі", - деді судья. Естеріңізге сала кетейік, 19 қарашада Талдықорған қаласында "Арқанкерген" заставасында 14 қызметтесін және аңшыны өлтірді деген күдікпен ұсталған В.Челахқа қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты сот басталған болатын. Шекарашы Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсеновтың процестен төрағалық етуші судья Ербол Ахметжановты шеттету жөніндегі наразылық білдірген өтініші қабылданбады. "Судьяны шеттету үшін негіз жоқ",- деді сейсенбіде Талдықорғанда өтіп жатқан сот мәжілісі барысында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот төрағасы Советхан Сәкенов. Бұдан бұрын хабарланғанындай, С.Сәрсенов процесте төрағалық етуші Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот судьясы Е.Ахметжановты процестен шеттету туралы мәлімдеме жасаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін