Вена соты Нұрбанктің топ-менеджерлерін өлтіруге қатысы бар қос фигурантты қамауға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вена соты Нұрбанктің топ-менеджерлерін өлтіруге қатысы бар қос фигурантты қамауға алды

Вена соты Нұрбанктің топ-менеджерлерін өлтіруге қатысы бар қос фигурантты қамауға алды

Дүйсенбі күні Вена соты "Нұрбанктің" топ-менеджерлерін өлтіруге қатысы бар қос фигурантты қайтадан қамауға алды.

  • 8 Маусым 2015
  • 390
Фото - Caravan.kz


"ҰҚК арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев пен Рахат Әлиевтің қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Вадим Кошляк қайтадан қамауға алынды. Венаның Жоғарғы аумақтық соты Вена прокуратурасының қазақстандық банкирлерді өлтірді деп айыпталған күдіктілерді қамақтан босату туралы шешімге қарсы жазған наразылығын қанағаттандырды", — деп хабарлайды Австрия ақпарат агенттігі (APA, Austria Presse Agentur).
Сот талабы бүгін таңғы сағат 6:30-да орындалды. В.Кошляк пен Ә.Мұсаев тұрғылықты жерінде тұтқындалды.
14-сәуірде Венаның қылмыстық істер жөніндегі аумақтық сотында қазақстандық банкирлер Жолдас Темірәлиев пен Айбар Қасеновті ұрлау және өлтіру фактісі бойынша сот процесі басталған болатын. Негізгі айыпталушы – Р.Әлиевтің қазасынан кейін қосарлы қылмыс үшін оның сыбайластары Ә.Мұсаев пен В.Кошляк жауапқа тартылған-ды.
Алайда, Вена соты "Қазақстан жағынан келген мәліметтердің бір-біріне кереғарлығына байланысты" оларды 29-сәуірде қамақтан босатты.