Венецияның тарихи орталығы — әйгілі Сан Марко алаңы 60 сантиметрден астам тереңдікке су астына кетті. Болжамдарға қарағанда, жергілікті уақыт бойынша түннің ортасына қарай қалада судың деңгейі 140 см-ге дейін көтерілуі мүмкін, бейсенбі күні түстен кейін судың деңгейі 110 см-ге дейін қайта төмендейді. Венецияда алдағы 15 сағат бойы су деңгейі жоғары қалыпта қалады деп күтілуде.