Вьетнамда нашақорларды мәжбүрлеп емдеу орталығынан 400-ден астам адам қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вьетнамда нашақорларды мәжбүрлеп емдеу орталығынан 400-ден астам адам қашып кеткен

Вьетнамда нашақорларды мәжбүрлеп емдеу орталығынан 400-ден астам адам қашып кеткен

Вьетнамның солтүстік шығысында оңалту орталығынан 400-ден астам нашақор қашып кеткен. Бұл туралы азиялық БАҚ мәлімдеді.

  • 15 Қыркүйек 2014
  • 440
Фото - Caravan.kz

Есірткіге тәуелдіктен мәжбүрлі емдеуге жатқызылған науқастар есікті сындырып, күзетшілерді таяқпен қорқытып қашып кеткен.

Полиция мәліметіне сәйкес, қашып кеткендердің көбісі үйлеріне оралған, отыз шақты адам оңалту орталығына өз еркімен қайтып келген.

Қазір қашқандар іздестірілуде.

Вьетнамда ресми түрде тіркелген нашақорлар саны 140 мың адамды құрайды. Елде екі жылдан юері есірткіге тәуелділерді мінтедді емдеу курсы туралы заң бар. БАҚ мәліметіне сәйкес, мұндай орталықтарда науқастарға жиі күш қолданылады.