Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды

Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды

Оқулық тапшылығы проблемасын жою үшін толығымен электрондық оқулық форматына көшкен дұрыс.

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 419
Фото - Caravan.kz

Бүгін Мәжілісте «Ақпараттандыру туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев осындай ұсыныс жасады.

Тоқтала кететін жайт, таныстырылым барысында депутат Светлана Романовская еліміздің мектептерінде электрондық оқулықтар енгізу туралы пікірін вице-министрден сұраған. «Мен бұрыннан планшеттер мен электронды оқулықтарға көшудің уақыты келді деп санаймын.  Менің кішкене балаларымның өзі мектепке толы чемоданмен барады. Ал оларға мектепте 2-3-ші қабаттарға көтерілуге тура келеді. Тіпті, отырып алып ойланасың, олар қалай көтеріледі?  Сондықтан да, мен бұл мәселені әрқашанда қолдаймын. Осыны қашанда ілгерілете бермекпіз», — дейді А. Жұмағалиев.

Вице-министрдің айтуынша, білім беру саласында электронды форматқа көшуде нақты нормаларды енгізілуі қажет етілуі мүмкін. «Жалпы, электрондық оқулықтар бойынша біз тиісті шешімдерді қабылдап, оны жүзеге асыра аламыз. Жүйе дайын», — дейді А. Жұмағалиев.