"Видеоны қалыңдыққа көрсетеміз": Үйленгелі жатқан Шымкенттік жігітті екі қыз алдап пәтерге шақырып, бопсалаған - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Видеоны қалыңдыққа көрсетеміз": Үйленгелі жатқан Шымкенттік жігітті екі қыз алдап пәтерге шақырып, бопсалаған

"Видеоны қалыңдыққа көрсетеміз": Үйленгелі жатқан Шымкенттік жігітті екі қыз алдап пәтерге шақырып, бопсалаған

Шымкентте күйеу жігіттен екі қыз қалыңдыққа «опасыздық жасаған» видеосын көрсетеміз деп ақша бопсалаған.

  • 29 Маусым 2023
  • 156
Фото - Caravan.kz

Шарасыз жігіт Әл-Фараби ауданының полицейлеріне бопсалау туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, екі қыз оның ескі танысы, ер адамды алдап үйіне шақырған. Жігіт пәтерге кірген бойда қыздардың бірі болып жатқан жайтты жалған сипаттап, оны смартфонға түсіре бастаған. Алдағы үйлену тойын білген құрбы қыздар күйеу жігіттен видеоны өшіру үшін 200 мың теңге талап етіп, жазбаны қалыңдыққа көрсетеміз, тойыңды бұзамыз деп қорқытқан.

Сүйіктісін жоғалтқысы келмеген ер адам олармен келісімге келіп, оқиға туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары қыздарды қылмыс үстінде ұстады.


«Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесімен іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деді тергеуші Жалғас Халила.

Соңғы жаңалықтар