Вирус туралы үздік 5 фильм - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вирус туралы үздік 5 фильм

Вирус туралы үздік 5 фильм

Қазіргі таңда коронавирус вирусы әлемде өршіп тұр. Ғалымдар бұл вирусқа "Коронавирус" деген атау берген. Бұл атау латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған.

  • 15 Наурыз 2020
  • 446
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы назарларыңызға вирус туралы 5 үздік фильмді ұсынады.

Вирус

Оңтүстік Кореяның 2013 жылы жарыққа шығарған фильмі. Катастрофа және драма жанрындағы фильм.

Фильмнің сипаттамасы: Сеулге жақын кішігірім қалада заңсыз мигранттар өліп жатқан контейнер табылады. Қайтыс болған мигранттардың ішінен біреуі аман қалады. Ол вирусқа шалдыққан, өмір сүруіне аз ғана уақыты бар. Оның вирусы бүкіл халыққа жұға бастайды.

Ғалымдар вирустың алдын алуға тырысып бағады, бірақ олар бұл вирусты ешқашан кездестірмеген.

 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Galymzhan Sankibaev (@sankibaev95) on

Носители

2009 жылы жарыққа шыққан АҚШ елінің фильмі. 

Фильм сипаттамасы: Төрт дос вирусқа ұшырағандарын біледі, одан олар өз аудандарынан қашып кетеді. Кейін олар бұл вирустың өте қауіпті екенін біледі.

Зараженная

2015 жылы Ужас жанрында жарыққа шыққан фильм.

Басты рөлдерде: Арнольд Шварценеггер мен Эбигейл Бреслин

Фильм сипаттамасы: Мэгги зомбиге айналатын ауруға шалдығады. Үкімет вирус жұқтырған адамдарға карантин жариялайды. Бірақ Мэггидің әкесі қызының карантинге жатуына қарсы. 

Заражение

2011 жылы Стивен Содербергтің катастрофа жанрында шығарған фильмі. 

Фильм сипаттамасы: Бір топ ғалымдар өте тез дамып келе жатқан вируспен күреседі. Пандемиямен қанша күрессе де сәтсіз болады. Дүрбелең басталып, бүкіл әлемде хаос пайда болады.

Эпидемия

25 жыл бұрын, яғни 1995 жылы катастрофа жанрында жарыққа шыққан фильм. 

Фильм сипаттамасы: Әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі — Мотаба. Вирус Заирдан Солтүстік Калифорнияға келеді. Тергеу кезінде вирустың біраз уақыттан бері бар екені белгіліп болып, үкімет вирусты жасырып келгені анықталады.

 

Соңғы жаңалықтар