Внуково әуежайында ұшақпен соқтығысқан арнайы техниканың жүргізушісі мас болған – РФ ТК - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Внуково әуежайында ұшақпен соқтығысқан арнайы техниканың жүргізушісі мас болған – РФ ТК

Внуково әуежайында ұшақпен соқтығысқан арнайы техниканың жүргізушісі мас болған – РФ ТК

Бастапқы болжамдар бойынша, Внуково әуежайында «Фалькон» ұшағы соқтығысқан қар тазарту машинасының жүргізушісі мас болған.

  • 21 Қазан 2014
  • 559
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин мәлім етті.

«Қар тазартатын көлік жүргізушісінің арнайы техниканы мас күйінде тізгіндегені белгілі болды», — деді В.Маркин.

Апат салдарынан төрт адам көз жұмды. «Апат кезінде экипаждың үш мүшесі мен француздың Total компаниясы басшысы Кристоф де Маржери қаза тапты», — деді В.Маркин.

Оның айтуынша, түнгі сағат он екі шамасында «Внуково-3» әуежайынан «Мәскеу-Париж» бағытына аттанбақ болған төрт орындық «Фалькон-300» ұшағы жерден бауырын көтере бере арнайы техникаға соғылған. Ұшақ өртеніп, ұшу-қону алаңына құлады.