WhatsApp-қа бұзып кірудің жаңа әдісі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WhatsApp-қа бұзып кірудің жаңа әдісі табылды

WhatsApp-қа бұзып кірудің жаңа әдісі табылды

WhatsApp мессенджеріне бұзып кірудің жаңа әдісі табылды. Бұл үшін қаскөйлер модификацияланған MP4-файлдарды қолданады, - деп хабарлайды Hi-tech.mail.ru. 

  • 19 Қараша 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Gadgets мәліметінше, мамандар MP4 форматындағы файлдарды жүктеуден сақтануға кеңес береді. Себебі бұзып кірушілер сол арқылы басқа телефондарда қашықтан кодты орындау мен DoS-шабуылдар жасауды үйреніп алған. Сарапшылардың сөзінше, бұл қауіпке "өте жоғары" деңгей берілген, өйткені ол кодтың белгісіз блогын қозғайды. 

Мессенджерге бұзып кіру үшін хакерлерге қолданушының ешқандай растауы керек емес екен. Мұндай қателік WhatsApp қосымшасының Android үшін 2.19.274 және iOS үшін 2.19.100 нұсқаларынан табылған.

Қаскүнемдер басқалардың мәліметтерін бүлдіру немесе ұрлау үшін зиян софтты тарата алады. Сонымен қатар, бұл қателік ұйым үшін қосымша арқылы аңдудың жаңа бэкдоры болуы мүмкін. WhatsApp-та мұндай жанжал бұрын да болған, ол кезде израильдік NSO Group компаниясы мессенджер үшін арнайы Pegasus шпиондық бағдарламасын жасап шыққан еді.


 

Соңғы жаңалықтар