Ядролық отынның халықаралық банкі Қазақстан үшін жылдам экономикалық пайда әкеле қоймайды -салалық мемлекеттік агенттіктің жетекшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ядролық отынның халықаралық банкі Қазақстан үшін жылдам экономикалық пайда әкеле қоймайды -салалық мемлекеттік агенттіктің жетекшісі

Ядролық отынның халықаралық банкі Қазақстан үшін жылдам экономикалық пайда әкеле қоймайды -салалық мемлекеттік агенттіктің жетекшісі

Ядролық отынның халықаралық банкісін құру жобасынан Қазақстан жылдам экономикалық пайда ала қоймайды, деп мәлімдеді атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік агенттіктің төрағасы Тимур Жантикин.

  • 25 Қазан 2012
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл жоба бірден пайда әкеле қоймайды, өйткені бұл жоба ең алдымен ядролық қарусыз режимді күшейтуге бағытталған және Қазақстанның әлемде ядролық қаруды тараптауға қосқан үлесі ретінде қаралады», деді ол Алматыда бейсенбіде «Ядролық отынның халықаралық банкі Қазақстанда: қолдау және қарсы болу» тақырыбында саяси шешімдер институтында өткен отырыста.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Барлыбай Садықовтың айтуынша, қазір бұл жобаға қатысты келіссөздер жүргізілуде, әзірге не МАГАТЭ не Қазақстан түпкілікті шешім қабылдамаған.
«Елдер арасында келісім жасалған соң бұл құжат ведомстворалық тұрғыдан келісіледі. Бүкіл мемлекеттік органдар бұл жобаны қарайтын болады. Одан кейін экологиялық сараптама жүргізіледі. Бәрі түгелдей біздің заңдарға және Экологиялық кодекске сай болғанда ғана шешім қабылданады. Оның өзі әзірге факті емес», деді ол.
Ядролық отынның халықаралық банкін Өскеменде Үлбі металлургия зауыты қоймасының базасында құру көзделген.

Соңғы жаңалықтар