Якутияда шіліңгір шілдеде қар жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Якутияда шіліңгір шілдеде қар жауды

Якутияда шіліңгір шілдеде қар жауды

Якутияның Себян-Кюель елді мекенінде қар жауды, сәрсенбі күні де жауған қар тоқтар емес, деп хабарлайды Ykt.ru.

  • 13 Шiлде 2016
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Онсыз да біздің жазымыз қып-қысқа, қоңыр салқын. Әдетте бұл уақытта 15-20 градус жылы боп тұратын. Әркез шомылатын мүмкіндік болмайтын. Ал биыл табиғат тіпті таң қалдырды», — деген участкелік аурухана пациенттері.

Тында қаласында да сол жағдай. Сәрсенбі күні таңғы уақытта Амур облысының солтүстік астанасы 4 градус жылуды көрсеткен. Кейбір тұрғындардың автокөліктеріне мұз қатқан.

«Таң. Сағат алты. Жаздың күні қармен ойнауға болады! Не деген суық еді! Менің құлпынайым мұз құрсанып тұр», — деп жазды әлеуметтік желіге Тында қаласының тұрғыны.


Соңғы жаңалықтар