Ыстанбұлда үш қабатты үй құлап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстанбұлда үш қабатты үй құлап қалды

Ыстанбұлда үш қабатты үй құлап қалды

Ыстанбұлдың Күчүкчекмедже ауданында үш қабатты үй құлады.

  • 2 Маусым 2024
  • 7
Фото: Oguz Yeter/ Anadolu via Getty Images

Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

TRT Haber телеарнасының мәліметі бойынша, аталмыш жағдайдан 7 адам зардап шеккен. Екі адам үйінді астынан шығарылды. 

– Оқиға сағат 08:40-та болды. Үйдің бірінші қабатында жұмыстар жүргізіліп жатқан. Ал, жоғарғы жағында адамдар тұрды. Қазіргі уақытқа дейін 7 адам құтқарылды, — деді қала губернаторы Давут гүл TRT Haber телеарнасына берген сұхбатында. 

Губернатордың айтуынша, зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр. 

– Үйінділердің астында тағы екі адам болуы мүмкін, — деді қала басшысы. 

Өз кезегінде прокуратура бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты. 

1988 жылы салынған ғимараттың қирандылары үйдің жанында орналасқан автотұраққа құлаған. Салдарынан муниципалды автобус пен бірнеше көлік бүлінді.