Ыстықкөлдегі оба дертіне байланысты қазақ-қырғыз шекарасында санитарлық бақылау күшейтіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөлдегі оба дертіне байланысты қазақ-қырғыз шекарасында санитарлық бақылау күшейтіліп жатыр

Ыстықкөлдегі оба дертіне байланысты қазақ-қырғыз шекарасында санитарлық бақылау күшейтіліп жатыр

Қырғызстанда анықталған осы оба ауруынан, қазақ жұртына да қауіп бар. Сондықтан көрші елімен шектескен кеден бекеттерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.

  • 28 Тамыз 2013
  • 294
Фото - Caravan.kz


Жандарбек Бекшін, ҚР мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

Әрине, аурудың ол жақтан келуі мүмкін. Біз қазір 21-ші ғасырда тұрып жатырмыз. Бәрінде көлік бар. Бір күннің ішінде сол жақтан келуі мүмкін. Шекарадан өтуі мүмкін. Бізді алаңдататыны осы мәселе біріншіден. Сондықтан даярлығымыз биік болуы тиіс.

Жамбыл облысының 4 шекара бекетіне «пирометр» атанған құрылғылар орнатылған. Мамандар сол арқылы қашықтан, адам бойындағы қауіпті дертті анықтамақ. Қазақстан жағынан көрші елге қатынаушылар емін-еркін өтуде, ал қырғыз елінен бері қарай келушілер жеке-жеке тексерілмек. Әзірге, оба ауруын жұқтырғандар анықталмады. Ал, сақтық шаралары қыркүйектің бесіне дейін жалғасады. Дегенмен қауіпсіздік жұмыстары жай көз бояушылық секілді. Себебі сол күйі кеден бекетінен саниатарлық тексерусіз өтіп жатқандар бар.