З. Солтанбайұлының «Адам» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
З. Солтанбайұлының «Адам» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

З. Солтанбайұлының «Адам» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Павлодардың облыстық кітапханасында Зекебай Солтанбайұлының «Адам» кітабы таныстырылды.

  • 17 Желтоқсан 2012
  • 394
Фото - Caravan.kz

Басылымның авторы — Баянауыл ауданының тумасы, педагогика еңбегінің ардагері, Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері, Баянауыл ауданының құрметті азаматы.

Жаңа кітапта автордың Қаныш Сәтбаев, Шапық Шөкин, Әлікей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов, Дихан Әбілев сынды тұлғалардың өміріндегі адамгершілік және өнегелік сияқты адами құндылықтар жөнінде философиялық ой-толғаулары көрініс тапқан.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне жиналған оқытушылар, ғалымдар мен әдебиеттанушылар Зекебай Солтанбайұлының жаңа туындысына қатысты өз пікірлерімен бөлісті. Оқушылар автордың қолынан қолтаңба қойылған кітапқа ие болды.

Айта кетейік, аталмыш «Адам» кітабы екібастұздық «Primalux» басылымында «ПМХЗ» АҚ-ның демеушілік қолдауы арқасында жарыққа шықты.