Заңгер Аяжан Ойратова: Өкінішке орай, қоғамның құқықтық білімі жоғары деңгейде деп айта алмаймыз - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңгер Аяжан Ойратова: Өкінішке орай, қоғамның құқықтық білімі жоғары деңгейде деп айта алмаймыз

Заңгер Аяжан Ойратова: Өкінішке орай, қоғамның құқықтық білімі жоғары деңгейде деп айта алмаймыз

Елімізде сөз бостандығы қаншалықты дамыған? Ал әйелдер бостандығы қай деңгейде? Ел тұрғындары өзінің сөз бостандықтарын қаншалықты біледі?

  • 28 Ақпан
  • 144
Фото - Caravan.kz

Осы және өзге де Caravan.kz медиа порталы тілшісінің сұрақтарына заңгер Аяжан Ойратова жауап береді.

— Адам құқығы мен оның бостандығы ең басты құндылық. Адам құқығы жайлы қайдан білуге болады?

— Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы бар.  Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс. Әр адамның нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, діліне қарамастан өзінің құқықтарын қорғауға, өзінің бостандығы туралы айтуға толықтай құқығы, хақы бар. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын Біріккене Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанданда қабылдаған бабы, құқықты жүйесі бар. Біздің ел де сол қабылданған бапқа, құқықтық жүйеге бағынады. Сол жерден толығырақ қарап, еліміздің кез келген тұрғыны өз құқығын білсе болады.

— Халықтың құқықтық мәдениеті қалыптастып болды деп айта аламыз ба?

— Бұл сұрақ иә деп те, жоқ деп те жауап беру қиын. Себебі мәдениет деген сөздің астарында бірнеше элемент жатыр: құқықтық білім және қоғамның заңға, құқыққа деген көзқарасы.

Өкінішке орай, қоғамның құқықтық білімі жоғары деңгейде дей алмаймыз. Құқықтық ақпарат, әсіресе қазақ тілінде көпшілікке түсініксіз. Бұл заңдардың орыс тілінде жазылып, кейін қазақ тіліне аударылуымен, заңдардың шикі қабылдануымен байланысты. Жағдай заңдардың, ата-заңға Конституцияға, өзгерістер жиі енгізілумен ушықтырылады. Бұл өзгерістер заманауи мәселелерге жауап ретінде қабылданады деп айтылса да, шын мәнінде құқықтық саясаттың нашар жүргізілуін  көрсетіп отыр.

Құқықтық білімді тарату, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихатқа жауапты орган — ҚР Әділет министрліг болып табылады. Министрліктің осы жұқмыстарды жүргізуге қаражаты бар. Бұл қаражаттар жұмсалуы, соңғы 10 жылда халықтың құқықтық білім алуы жайлы ақпарат жоқ. Оны өлшейтін маркерлер де жоқ.

Жоғары соттың ақпараты бойынша сот істерінің саны жылдан жылға өсіп келеді. Бұл адамдардың заң білімдерінің артуынан болып жатыр деп айта алмаймыз. Керісінше, дауларды соттан тыс құқықтық нысандар арқылы шешу жолдары қолданылмайтынын көрсетеді. Адамдар заңгерлермен жұмыс жасай алмайтынының көрсеткіші. Көптеген адамдар адвокат пен заң консультанттарының ара-жігін ажырата алмайды.

— Ел азаматтарының заңдарға көзқарасы қандай?

— Әлеуметтік желілерде ҚР Парламентінің депутаттарының мәртебесі соңғы 3-4 жылда қатты төмендеп, оларға қатты сын айтылып жатыр. Сәйкесінше заңдағы өзгерістер халыққа түсініксіз, көпшілікте қолдау таппай жатыр. Кей өзгерістер шын мәнінде керек болса да, құқықтық ақпараттандыру тиімсіз өткізіліп, халықтың наразылығын тудырады. Дегенмен де ел азаматтары елд қандай заң шығып жатқанын, қандай өзгертулер болып жатқанын білуі тиіс. Өйткені, ол сіз бен бізге ғана қажет дүние.

— Адам құқығы туралы айтып жатырмыз. Ал әйелдердің құқықтары елімізде қаншалықты қорғалып жатыр? Зорлық-зомбылық жайттар елімізде өршіп тұрғанын өзіңіз жақсы білесіз.

— Әйелдердің құқығы тапталып жатқан да, қорғалып жатқан да жайттар бар. Кез келген демократиялық елде солай деп ойлаймын. Неге? Өйткені зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқан кейбір әйелдер арыз жазады, ал кейбірі арыз жазбайды. Сөз бостандығы бар елде сіз оларға "арыз жазуға тиіссің" деп айта алмаймыз. Сіз оның бостандығын құртып, оның шекарасына шығып тұрсыз деген сөз. Қуандық Бишімбаевтың ісін өзіңіз өте жақсы білесіз. Мүмкін 10, 20 жыл бұрын бұл жағдай орын алғанда мүмкін ол құтылып кетер ме еді?! Ол құтылмады, қазір іс сотқа жетті. Бұл дегеніміз елімізде адам құқығы, әйел құқығы барынша, максималды түрде қорғалып жатыр деген сөз. Сөз соңында айтқым келетіні қандай жағдай болмасын, басыңызда қандай іс өтсе де сіздің құқығыңызды, бостандығыңызды ешкім құрта алмайды. Заң алдында жұрттың бәрі тең әрі заң арқылы алаланбай, бірдей дәрежеде қорғалуға құқылы. Барлық адам  кемсітуден және кемсітуге арандатушылықтың барлық түрінен тең қорғалуға құқылы екенін және де айтқым келетіні ешкім де негізсіз тұтқындалуға, қамауда ұсталуға немесе қуғынша ұшыратылуға тиіс емес.

Адам құқықтары мен бостандықтарының мәселесі барлық мемлекеттердің саяси-қоғамдық, мемлекеттік-құқықтық тәжірибесі мен теорияда да ең басты орындарының бірінде тұратыны анық, себебі әңгіме ең басты әлеуметтік кұндылық туралы болып отыр. Адамға құқық тумысынан тиесілі. Олар табиғи сипатқа ие және тұлғаның нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, нанымына қарамастан бөлек қарастырыла алмайды. Адам құқықтарының жиынтығы адам құқықтарының жалпы мәртебесін құрайды.Конституцияның алғашқы бабында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп бастайды.Зер салып қарасақ, «мемлекеттің басты байлығы – адам» деген бабынан басталғаны бекер емес. Демек, қоғамдағы атқарылған және атқарылуы тиіс шаруалар осы адамның игілігіне арналған. Ал Ата заңымыз сол игіліктерді қорғайды. Құранның жақсы мен жаманды, жарлы мен байды бөліп жармайтынындай, Заң – еліміздің барлық азаматтарына тең қолданылады. Сондай-ақ, «діни сенім бостандығы» Конституцияның 22-бабына сәйкес «ар-ождан бостандығы» ұғымының аясында қамтылады.Ар-ождан бостандығы – тек дінді таңдау еркіндігі ғана емес, сонымен қатар діни емес таңдауды да айқындайды. Конституция таңдау құқығын әр азаматқа қалдырады және оның қалаған шешімімен келіседі, қабылдайды және қорғайды.

Соңғы жаңалықтар