Қаулыға сәйкес, әскери қызметке жарамды және одан өтпеген 548 офицер екі жыл мерізіммен шақырылады. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 100 офицер, төтенше жағдайлар министрлігіне 4 адам шақырылады.
Қорғаныс министрлігінің бөлімшелеріне 18 офицер-мотоатқыш, 10 танкист, 129 артиллерист, әуеден қорғаныс қызметіне 51 офицер, 47 байланысшы, 50 офицер — электрондық-есептеу техникасы бойынша инженер, 45 офицер — тәрбиелеуші және басқа да мамандар жіберіледі.
Аталмыш қаулы бірінші жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті