Зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,31%-ға артты - ҚР Ұлттық банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,31%-ға артты - ҚР Ұлттық банкі

Зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,31%-ға артты - ҚР Ұлттық банкі

БЖЗҚ инвестициялық декларациясы зейнетақы актвитерінің табыстылығын 6,31%-ға арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

  • 3 Маусым 2015
  • 745
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің жылдық есебінде жарияланды.

2014 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,31%-ды құрады. 2013 жылы бұл көрсеткіш 2,2% болатын. Осылайша, БЖЗҚ жылдық табыстылығы жекеменшік зейнетақы қорларының соңғы 4 жыл бойғы орташа жылдық табыстылығынан асып түсті.

«Бұл қаржылық реттеушінің сауатты инвестициялық саясатының нәтижесі. Айталық, мемлекеттік құнды қағаздарға салынған инвестиция табыстың 8,03%-ын көрсетті. Ал ЕДБ қаржылық инструменттеріне салынған инвестиция бірінші нарықта 9,03% көлемінде табыс әкелді. Қорлардың біріктірілуі аяқталған тұста бұл көрсеткіш 7,78% болатын. Шетелдік валютада қаржылық құралдарға салынған инвестиция 6,77% табыс әкелді», — делінген хабарламада.


Жалпы алғанда, жаңа инвестициялардың орташа деңгейлі табыстылығы 8,33% құрады. Бұл болжанған инфляция дәлізінің жоғарғы деңгейінен артық болып отыр.