Зейнетақы қорындағы ақша туралы тұрғындарға есеп беріліп отырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Зейнетақы қорындағы ақша туралы тұрғындарға есеп беріліп отырмақ

Зейнетақы қорындағы ақша туралы тұрғындарға есеп беріліп отырмақ

Еліміздегі зейнетақы қорларының біріктірілуінен кейін  салымшылар бірден байып кетпейді. Ал бүгін еліміздің бас банкирі қордағы триллиондарды қалай жұмсайтынын да жариялады.  

  • 23 Сәуiр 2014
  • 208
Фото - Caravan.kz


Қайрат Келімбетов, Ұлттық банк төрағасы:  

-Зейнетақы қорлары мемлекет меншігіне өткен соң бірден «ғажайып  өзгеріс болады» деп ешкім уәде бермейді. Әрине, біз салымшылардың табысын арттыруға, тиімді сақтауға тырысамыз. Жалпы,зейнетақы салымынан түскен пайда инфляция деңгейінен төмен болмауы керек. Ал, қордағы қаржының қауіпсіздігіне мемлекет толық кепілдік береді.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, қазір жаңадан құрылған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жұрттың қаржысы туралы ақпарат өңделіп жатыр. Ол 1-ші шілдеде дайын болады. Ал, жыл соңына дейін аталған қордың әр аймақтарда бөлімшелері ашылмақ. Бірақ, тұрғындар қазірдің өзінде ай сайынғы табысының 10 пайызы туралы кез-келген халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып білуіне болады. Жалпы, бүгінде жаңадан құрылған бірыңғай зейнетақы қорында салымшылардың 4 триллионға жуық теңгесі жатыр. Ұлттық банк оны пайдаланудың жаңа жоспарын да құрып қойыпты. Қаржы ең алдымен бюджет тапшылығын  жабуға жұмсалады. Сондай-ақ,банктерге депозит ретінде салынады.