Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу: Кейбір өтініштерді қабылдамау себебі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу: Кейбір өтініштерді қабылдамау себебі белгілі болды

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу: Кейбір өтініштерді қабылдамау себебі белгілі болды

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов не себепті қазақстандықтардың зейнетақы жинақтамасының бір бөлігін алу туралы өтініштері қабылданбағанын түсіндірді.

  • 2 Ақпан 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Өтінішті қабылдамаудың негізгі себебі, жинақтаушы мөлшерден тыс соманы көрсетеді. Сондай-ақ, өтінішті дұрыс толтырмайды, кейбіреулер қатарынан бірнеше рет өтініш береді. Тіпті БЖЗҚ-да жинағы жоқ адамдарда өтініш берген жағдай кездесті. Азаматтарға өз өтінішті дұрыс беруін және зейнетақы қорынан алғысы келген соманы ережеге сай нақты көрсетуді сұраймыз", — деді "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов ОКҚ-де өткен баспасөз қызметінде. 

Бұған қоса, брифинг барысында зейнетақы жинағын пайдалануға 80 мыңнан астам қазақстандық өтініш білдіргені айтылды. 

"БЖЗҚ порталына және Отбасы банкіне 80 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Азаматтар зейнетақы жинақтаушы қорына қатысты ақпаратты жеке кабинеті арқылы қарай алады. Өтінішті қарау мерзімі 3 күннен 5 күнге дейін созылады. Қазіргі уақытта 50 мың жинақтаушы бірінші кезеңнен сәтті өтті, бүгінде олардың жеке шотына ақшаны аудару мәселесі қаралып жатыр. Кеше сағат 16:00-гі жағдайға сәйкес 8 мың қазақстандықтың жеке шотына ақша түсті. Оны мобильді қосымша арқылы көруге болады", — деді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова баспасөз мәслихатында. 


 

Соңғы жаңалықтар