Мұндай сенсациялық тұжырымды австралиялық Чарльз Дарвин атындағы университеттің музыка профессоры Мартин Джарвис жасады, деп хабарлады The Sunday Times газеті.
Бахтың музыкалық қолжазбаларын талдау нәтижесі оның кейбірін композитордың екінші әйелі Анна Магдалена шығарғанын көрсетеді. Ол партитураға әуенді жақсартатын, ырғақты нақтылайтын өзгерістер енгізіп отырған. «Мұндай тұжырымға американдық мамандар қолжазбаға зерттеу жүргізу барысында келді», — деп атап өтілген газетте.
Анна Магдалена музыкалық білімі бар әнші болған. Ол негізінен ноталарды көшірумен айналысқан.
Мартин Джарвис пен бірқатар мамандар Бахтың шығармаларының бір бөлігі оның екінші жұбайына тиесілі деп санайды. «Нота жазуда қол қозғалысының сипаты мен енгізілген түзетулер Анна Магдаленаның тек ерінің музыкалық туындыларын көшіріп қана қоймай, өзі де оларды шығарумен айналысқанын көрсетеді», — деп атап өтті осы сала маманы Хейди Харралсон.
Мамандар сондай-ақ Бах көз жұмғаннан кейін оның туыстары бірден Анна Магдаленаның мұрағатын жойып жіберген деп күмәндануда.
Профессор Джарвистің жүргізген осы жұмыстарының негізінде деректі фильм түсірілді, ол алдағы аптада Ұлыбританияда көрсетілмек.