Оның айтуынша, соңғы бірер сағаттың ішінде өзен суының деңгейі толастап, қауіптің беті қайта бастады.
"Бүгін түнде Жабай өзенінің суы күрт көтерілуі салдарынан Атбасар қаласындағы суда қалған үйлердің саны 340-тан асып, біраз адам қауіпсіз жерлерге көшірілген болатын. Қазір аталған елді мекенде жағдай сәл де болса дұрысталып, судың деңгейі 1 метрге дейін төмендеді", — дейді Ж.Нұркенов.
Осы уақытта Атбасарда ҚР ТЖМ 200-ден астам құтқарушылары мен 45-ке жуық техника кейбір көшелер мен үйлерде қордаланып қалған суды сыртқа шығаруда.