"Жәбірленуші қыз боди массаж жасайды": Үш жігіт «Кинорумда» жабыла зорлады деген қызға қатысты жаңа деректер . - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жәбірленуші қыз боди массаж жасайды": Үш жігіт «Кинорумда» жабыла зорлады деген қызға қатысты жаңа деректер .

"Жәбірленуші қыз боди массаж жасайды": Үш жігіт «Кинорумда» жабыла зорлады деген қызға қатысты жаңа деректер .

Алматыда үш жігіт жабылып зорлады деген қызға қатысты жаңа деректер шықты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

  • 18 Мамыр 2023
  • 244
Фото - Caravan.kz

21 жастағы қыз Kinoroom-ның басшысы жұмыс орнына апарып, екі досымен бірге арам ойын іске асырды деп полицияға шағым түсірген.  Алайда сұмдық оқиға болған кинозал басшылығы жәбірленушінің сөзін жоққа шығарды. Олардың айтуынша, бұрынғы қызметкеріміз таныс қызымен бірге түнгі сеансқа келген. Сосын кино көретін бөлмеге тағы екі жігіт кіріп, соңы айғай-шуға ұласыпты. Сондай-ақ «Кинорумның» өкілдері сол күні спирттік ішімдікке сылқия тойып алып, жанжал шығарған қыздың өзі боди массажбен айналысады деп отыр. 

Қасиет Жақсылық, Кinoroom атқарушы директоры: — «Кинорумның» директорымын деп таныстырған. Шын мәнінде ол жігіт наурыз айында жұмыстан шығып кеткен. Жай ғана жұмысшы болған. Кабинкаларды тексеретін. Бізде ауысым жабылмай, қыз екеуі бір сеансқа киноға келген. Сонымен жалғасқан. Оны достары қай кезде  келгені белгісіз. Өзі қатты мас болған. Көзін ашса, бірге келген жігіті емес, басқа жігіт екенін көрген соң, шу шығарған.

Жәбірленуші қыз сол күні мас болған көрінеді. Есін жиған соң, айғайға басып, бөтелкенің сынығымен тамырын кесіп жібергенін мұндағы жұмысшылар көріпті. «Кинорумның» қызметкерлері де қыздың боди-массаж қызметін көрсететін айтады. Тіпті клиенттерімен осы жерге жиі келіп, экс-әріптесімізбен жақын араласып кетті дейді.

Қасиет Жақсылық, Кinoroom атқарушы директоры: — Ол қыз бодимассажбен айналысады. Бұл жерге ол басқа ер адаммен келеді. Жұмыстан шығып кеткен бала жалақысын алуға келгенде танысады. Бізде боди-массаж қызметі көрсетілмейді. Жыныстық қатынас болмайды. Алкоголь сатылмайды. Таңғы алтыға дейін шектеу.  Таңғы алтыда барлығы шығып кетуі керек.

Таңға дейін жұмыс істейтін «Кинорумда» жеті бөлме бар. Бұл жердің кинотеатрдан айырмашылығы – таңдаған фильміңізді жақын адамыңызбен оңаша жатып тамашалайсыз. Ол үшін әр бөлмеге жұмсақ диван қойылған. Сусын мен тіске басардың да түр-түрі тұр. Ал полиция сот-медициналық сараптама тағайындалып, «зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Тергеу жүріп жатыр.


Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі: — Қылмыстың нақты болған болмағанын көзбен өлшеп айта алмаймыз. Сондықтан да сараптама зерттеулер тағайындалды. Сарапшылар зорлау әрекеті нақты болды деген ұйғарым шығарса, онда бұл азаматтар міндетті түрде қылмыстық жауапқа тартылып, тергеуде оларға қолданылатын бұлтартпау шарасы тағайындалады.

Тәртіп сақшылары әзірге ешкім қамауға алынбады дейді. Тергеушілер аталмыш іске қатысы бар адамдардан тек сұрақ-жауап алып жатыр. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы шамамамен бір айдан кейін белгілі болады.

 

Соңғы жаңалықтар