Жалдамалы пәтерге шақырған: Алматы тұрғыны бұрынғы әріптесін зорлады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалдамалы пәтерге шақырған: Алматы тұрғыны бұрынғы әріптесін зорлады

Жалдамалы пәтерге шақырған: Алматы тұрғыны бұрынғы әріптесін зорлады

Қаскүнем жәбірленушіні аяусыз ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы зорлаған, сондай-ақ жыныстық сипаттағы басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

  • 4 Қараша 2021
  • 269
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан -ға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы полиция департаменті тергеу басқармасының мәліметінше, Ш.есімді азамат жаңа жыл қарсаңында корпоративтік кештерді ұйымдастырамыз деген сылтаумен өзі бұрын бірге жұмыс істеген танысы Б.есімді әйелді келіссөз жүргізуге шақырған.

"Ер адам жалға берілетін пәтерді алдын ала жалдап, онда жәбірленушіні аяусыз ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы зорлаған, сондай-ақ жыныстық сипаттағы басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған", – деп хабарлады Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің кінәсі толық дәлелденді.


Медеу ауданы сотының үкімімен Ш. есімді азамат Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі, 121-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар