Оның айтуынша, өткен жылғы Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Бас прокуратура соңғы 2,5 жыл ішіндегі жалған кәсіпкерлікке байланысты азаматтық істер жөніндегі сот актілерінің заңдылығына талдау жасады.
«Талдау көрсеткендей, 2005 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі бұл санаттағы істерді қарау кезінде сот тәжірибесі түрліше қалыптасқан. Кейбір жағдайларда сот жалған кәсіпорындармен болған мәмілердің сот тәртібімен қаралмағанына жөнсіз сілтеме жасап, салық төлеушілердің талап арыздарын негізсіз қанағаттандырған. Ал басқа істер бойынша салық органдарының әрекеттері күшіне енген сот үкімдерімен жалған кәсіпорын құрған басшылар мен заңды тұлғалардың құрылтайшыларының кінәсі анықталғанына қарай заңды деп дұрыс танылған»,- деді ол.
ресми өкілдің атап өткеніндей, «жалған кәсіпкерлік мемлекет қауіпсіздігіне, сонымен қатар жалған кәсіпорындармен құқықтық қатынасқа түскен кәсіпкерлерге едәуір қауіп төндіреді.
Жалған кәсіпкерлік көбінесе монополияға қарсы, салық тұтынушы құқығын қорғау және басқада заңдылықтардың талаптары бұзыла отырылып жүзеге асырылатынын тәжірибе көрсетіп отыр.
Жалған кәсіпкерлік әдетте несие алу, салықтан босау, басқа да мүліктік пайда табу үшін, сонымен қатар заңмен тыйым салынған қызметті жасыру мақсатында (мысалы, заңсыз қару-жарақтарды жасау, есірткіні өндіру мен сату және тағы басқалары) құрылады.
Жалған кәсіпкерлік, сондай-ақ салық төлеуден жалтару немесе басқалай несие берешегін өтеу үшін кеңінен әрі тиімді қолданылады. Мұндай жалтарудың кірісті тікелей жасырудан бастап түскен пайданы бірнеше есеп айырысу шоттарына бөліп жіберіп, салық негізін төмендетуге дейінгі түрлі тәсілдер бар.
Сонымен бірге, заң шығарушылар азаматтық заңдылықта «жалған кәсіпкерлік» және «жалған кәсіпкер» деген ұғымдардың нақты анықтамаларын қарастырмаған, осыған байланысты жалған кәсіпкерлік туралы даулар бойынша азаматтық істерді қарастырған кезде қолданыстағы заңдылық нормаларын пайдалануда түйіткілді жәйттер туындап жатады.
С.Нұрпейісовтың мәліметінше, Республика соттарында 2005 жылы барлығы осы санаттағы — 6, 2006 жылы — 45, 2007 жылдың он айында 42 азаматтық іс қаралып, шешім шығарылса, олардың ішінде 2005 жылы — 3, 2006 жылы — 27, 2007 жылы — 11 іс қанағаттандырылған. Ал 2005 жылы — 5, 2006 жылы — 25, 2007 жылы — 35 іс қанағаттандырылмаған. «Салық төлеушілердің қанағаттандырылған талап арыздары бойынша істердің көбісі кейін прокурорлардың наразылығы және салық органдарының арыздары бойынша мемлекет мүддесі үшін тоқтатылды немесе өзгертілді»,-деді ресми өкіл.
Қолданыстағы «Банкрот туралы» ҚР Заңы редакциясы тек заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатқан адамдарға қатысты ғана кәсіпорынның банкротқа ұшырауы мүмкіндігін қарастырады. Сонымен бірге заңда жалған кәсіпорындарға банкроттық рәсімдерін жасау туралы ереже қарастырылмаған.
Бас прокуратураның пайымдауынша, жүргізілген талдау азаматтық заңдылықта жалған кәсіпорынның нақты белгілері анықталған және ол ұғым мұндай кәсіпорын құруға қарсы күрес жөніндегі қолданыстағы норманы толықтырып, оларды сот тәртібімен уақытылы жауап отыруға жәрдемдесуге тиіс ереже қарастыру қажеттігін көрсетіп берді.
Сондай-ақ жалған кәсіпорынның қызметінің басталу сәтін оны қылмыстық сот өндірісінде анықталады деген шектеуді алып, оны салық және әділет қызметтерінде тіркелген уақытынан бастап есептеу қажет.
Банкрот туралы қолданыстағы заңдылыққа Бас прокуратура жалған кәсіпорынның банкрот деп танылуы мен оның өзінен-өзі жоюына тыйым салуды реттейтін толықтырулар енгізуді ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті