Жарияланды: 16000

"Жалпы ер азаматсыз ба?", - деген сұрақ үшін депутат қоғам белсендісін сотқа берді

"Жалпы ер азаматсыз ба?", - деген сұрақ үшін депутат қоғам белсендісін сотқа берді Сурет - Facebook

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбай "Жалпы ер азаматсыз ба?", - деген сұрақ үшін қоғам белсендісі Олжас Мамырды сотқа берді.

Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жалпы Ер азаматсыз ба? -деп сұрақ қойғаны үшін қоғам белсендісі, жас азамат Олжас Мамырды , халық қалаулысы сотқа беріпті!

Ар- намысыма, қадір қасиетіме тиді деп жазыпты.

Жалпы ер азаматсыз ба деп сұрау намысқа тию болып табылмайды Нұрғазы Бұхарбай мырза!

Халықтың сөзін сөйлеуге сайланып, әкімдіктің сөзін сөйлеп жүргеніңіз үшін намыстанбай, сізге сұрақ қойғанға намыстанып қалғансыз ба?

Әлде біздің Шымкент қаласының депутаттарына қарай сұрақ қоюға болмайды ма?

Арқаңыздан өсіп келе жатқан жастарды қолдап, жол көрсетудің орнына, сотқа сүйрелеп не үлгі көрсетіп отырсың?", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін