Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл  облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

АСТАНА. 13-шілде. Kazakhstan Today. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Қуат Құралбаев лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын жалпы тәртіпті абақтыда өтейтін болды. Бұл туралы Бас прокуратураның хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Шiлде 2007
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Тараз қалалық №2 сотының 3-шілдедегі үкімі бойынша Жамбыл облыстық әкімшілігінің денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Қуат Құралбаев ҚР қылмыстық кодексінің 307 және 308 баптары бойынша 4 жылға бас бостандығынан айрылып, 5 жыл мерзімге мемлекеттік мекемелерде басшылық қызмет атқару құқығынан айрылды, ол жазаны жалпы тәртіптегі түрмеде өтейтін болады», — делінген хабарламада.

Сот Қ. Құралбаевты Жамбыл облыстық әкімшілігінің денсаулық сақтау департаментінің директоры болып тұрған кезде, 2005-жылы пайдакүнемдікпен «Қарабура-2030» ЖШС үшін ашық байқау өткізуге арнап азық-түлік өнімдерін сатып алу жөніндегі жиынтық жіктемеде азық-түлік өнімдерінің бағасын асырып көрсеткен айыпкер деп таныды. «Мемлекетке 1 284 791 теңгенің шығыны келген», — деп хабарлайды прокуратурадағылар.

«Жалпы лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану және билігін бас пайдасына жарату салдарынан Қ. Құралбаев мемлекеттік бюджетке 70 458 764 теңгенің шығынын келтірген», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті