Жамбыл облысында 80 жолаушысы бар автобус жолда тұрып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында 80 жолаушысы бар автобус жолда тұрып қалды

Жамбыл облысында 80 жолаушысы бар автобус жолда тұрып қалды

Жамбыл облысында тасжолда шамамен 80 жолаушылар автобусы тұрып қалды. Жолаушылар пойыздармен кетті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшіс

  • 24 Желтоқсан 2016
  • 849
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысында тасжолда шамамен 80 жолаушылар автобусы тұрып қалды. Жолаушылар пойыздармен кетті, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 23 желтоқсанында Жамбыл облысындағы қолайсыз ауа райына және Бурный-Түлкібас тасжолының жабылуына байланысты шамамен 80 жолаушылары көлігі жолда тұрып қалды. Жамбыл облысы әкімдігімен біріге отырып, Бурныйда қалып қойған жолаушылар жедел түрде Жамбыл мен Шымкентке жеткізілді. "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылығы өңірдегі филиалдарға жолаушыларды жеткізуді тапсырды. 9 пойыз жолда қалып қойған жолаушыларды алып кетті", — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысында
қар құрсауында қалып қойған
147 адамның құтқарылғаны айтылған болатын. "56 адам Б.Момышұлы ауылындағы Герцен мектебінің жылыту пунктіне орналастырылды. Олардың 20-ы балалар. Балалар Айша бибі атындағы орта мектепке жеткізілді. Қазіргі уақытта жолдарды ашу үшін 150 дана техника жұмылды. Зардап шеккендер жоқ", — деді облыстық ТЖД өкілдері.

Соңғы жаңалықтар