Жамбыл облысында апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар

Жамбыл облысында апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы жол оқиғасында 8 адам қаза тапты, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, олардың ішінде тағы үшеуі алған жарақаттарынан қайтыс болды.

  • 21 Сәуiр 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы baq.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасында 11 қаза тапқандардың ішінде 7 – Қазақстан азаматы, 3 – Өзбекстан азаматы болғаны анықталды, бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар.

Еске саламыз, облыста жедел штаб жұмыс істейді, психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7(7262)513575 және +7(7262)514167 құрылды.


Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар