ІІД мәліметінше, Мойынқұм ауданының Кеңес кентінің 31 және 20 жастағы тұрғындары қаза тапқан. Олар алтын өндіруші кәсіпорында жұмыс істемейтін азаматтар. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл сайын қараусыз қалған шахталарда бірнеше адамнан қаза табады, олар шахтаға желдеткіштің қуысы арқылы құнды металл іздеп түседі. Қаза тапқандардың мәйіттері мәйітханаға жеткізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті