Жамбыл облысында ауыл әкімі пара алғаны үшін қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында ауыл әкімі пара  алғаны үшін қамауға алынды

Жамбыл облысында ауыл әкімі пара алғаны үшін қамауға алынды

ТАРАЗ. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында Қордай ауданының бір ауылдық округінің әкімі пара алғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Жамбыл облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 29 Наурыз 2007
  • 493
Фото - Caravan.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері шенеунікті аудан тұрғынынан 75 мың теңге алу үстінде ұстаған. Алғашқыда мемлекеттік қызметкер оған жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беруге уәде беріп, одан 1 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бопсалаған.

Ұсталғанға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының «а» тармақшасында қарастырылған (боспалаушылық жолымен пара алу) қылмыс жасағаны үшін айып тағылуда.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, өткен жылы екі ауылдық округтің әкімдері осы тектес қылмыстар жасағаны үшін сотталып, екі және үш жылға бас бостандықтарынан айрылған, екінші жағдайда сотталғанға шартты жазалау шарасы қолданылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті