Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гаухар Сәрсембаеваның айтуынша, 16-қазанда Байзақ ауданының ауруханасына жарақат алған екі жас жігіт түскен.
Кеуде тұсынан пышақталған 18 жастағы азамат есін жимастан жан тапсырса, екіншісі — тараз колледжінің студенті әлі күнге дейін хирургия бөлімінде жатыр.
Жедел тексеру шаралары барысында полицейлер олардың спорт алаңында мектеп оқушысымен төбелескенін, сол жерде жарақат алғанын анықтады.
11-сынып оқушысы екі жігіт соққыға алған соң пышақты қорғаныс мақсатында қолданғанын мойындады, деді Г.Сәрсембаева.