Жамбыл облысында бір аудандық ІІБ-ның қызметкерінен пара алған қаржы полицейі құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында бір аудандық ІІБ-ның қызметкерінен пара алған қаржы полицейі құрықталды

Жамбыл облысында бір аудандық ІІБ-ның қызметкерінен пара алған қаржы полицейі құрықталды

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында бір аудандық ІІБ-ның қызметкерінен пара алған қаржы полицейі құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Мамыр 2007
  • 294
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің аға тергеушісі қылмыстық жауапкершілік шарасын жеңілдету үшін бір аудандық ІІБ-ның қызметкерінен «Ниссан-Премьера» автокөлігін параға алған.

ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаментінің тергеу бөлімі қаржы полициясы қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті