Жамбыл облысында граната жарылысы салдарынан бір малшы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында граната жарылысы салдарынан бір малшы қаза тапты

Жамбыл облысында граната жарылысы салдарынан бір малшы қаза тапты

Тараз. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында граната жарылысы салдарынан бір малшы қаза тапты, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

  • 20 Наурыз 2008
  • 401
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертең Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдың аудандық ауруханасында граната жарылысы салдарынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды.

«Тараздың 28 жастағы тұрғыны онда 19 наурыз күні 19 сағат шамасында 1-2 дәрежелі бет және қол-аяқтар күйігі, 4 дәрежелі шок және көптеген жерлерінен сыныққа ұшырау деген диагнозбен ауруханаға жеткізілген», — деп хабарлайды ІІД.

Белгілі болғанындай, қайтыс болған жігіт Жуалы ауданының Ақтөбе ауылына 62 жастағы тұрғынға малшы ретінде жалданған. Қой бағып жүріп ол 91678 әскери бөлімінің полигонына барып, сол жерден ВОГ-17 гранатасын тауып алған. Оқ-дәрімен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау салдарынан жігіт ауыр жарақаттанған.

Оқыс оқиға дерегін облыстың күш құрылымдары тексере бастады, қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті