Жамбыл облысында оқ-дәріні утилизациялау кезінде жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында оқ-дәріні утилизациялау кезінде жарылыс болды

Жамбыл облысының «Отар» станциясында оқ-дәріні утилизациялау кезінде болған жарылыстан бір адам көз жұмып, жеті адам жарақат алды.
           ТЖ министрлігінің хабарлауынша, оқиға сейсенбі күні оқ-дәріні қаптау цехында болған.
           Жарылыс кезінде жарақат алған 25 жастағы жұмысшы көз жұмды. Денесін күйік шалған тағы жеті адам ауруханаға жеткізілді.
           Жарылыстың соңы өртке ұласып, 18 шаршы метр аумақ жанып кеткен. Тілсіз жау 10 минутта ауыздықталды.
           Сонымен қатар, Бас әскери прокуратура сейсенбі күні кешкі сағат 17:10-да «Казахвзрывпром» АҚ аумағында оқ-әріні утилизациялау барысында жарылыс болғанын хабарлады.
           Прокуратура мәліметіне сүйенсек, жарылыстан жеті адам жарақат алған. Олар №63302 әскери бөлімшенің дәрігерлік бөліміне жеткізілді.
           Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • 28 Тамыз 2013
  • 679
Фото - Caravan.kz