Жүйіткіп келе жатқан отарбадағы 52 вагонның 13-і жолдан шығып кеткен. Қайта вагондар бос болыпты. Дереу іске кіріскен құтқарушылар оларды қайта ағытып, жолды босатқанша Көкшетау, Қызылорда мен Атырау бағытында қатынайтын үш бірдей жолаушы пойызы төрт сағаттай күтіп қалған. Апаттың әзірге неден болғанын ешкім тап басып айта алмай отыр. Мамандар оның жауабын сараптама қорытындысынан кейін жарияламақшы.