Жамбыл облысында полицейлер Қырғызстан азаматынан 2 кг астам героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында полицейлер Қырғызстан азаматынан 2 кг астам героин тәркіледі

Жамбыл облысында полицейлер Қырғызстан азаматынан 2 кг астам героин тәркіледі

АЛМАТЫ. 6 - тамыз. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында полицейлер Қырғызстан азаматынан 2 кг 18 грамм героин тәркіледі, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне көліктегі Оңтүстік-Шығыс Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 6 Тамыз 2007
  • 360
Фото - Caravan.kz

55 жастағы еркек Мерке станциясының вокзалында ұсталған. Полицейлердің анықтауынша, ол бұл жерге жүк поезімен келген, ал вокзалдың перронында оны күтіп алып, есірткіні жеткізген ақысын төлеу керек болған.

Күдіктінің айтуынша, оны бұл қылмысқа баруға жоқшылық итермелеген. «Тұрақты жұмысы жоқ еркек жоқшылықты қатты көрген, ал оған өзінің отбасын асырау қажет болған»,- деді полицейлер.

«Қазіргі уақытта ұсталған қамауға алынған»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті