Жамбыл облысында қойшы өткізу үшін жарты тоннадай марихуана дайындап қойған
Жамбыл облысында Көкөзек селосының тұрғыны ұсталды, одан көп мөлшерде марихуана табылды. |
Қойшы болып жұмыс істеп жүрген 43-жастағы жігіт өткізу үшін 515 кило марихуана дайындаған, оны өткізбек болған кезде ұсталған, деп хабарлады сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицияның мәліметтеріне қарағанда, ол бұрындары есірткі қылмысы үшін сотталған болатын.
Жылдың басынан бері Жамбыл облысында заңсыз айналымнан 4 тонна 300 кило есірткі тәркіленген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін