Жарияланды: 360

Жамбыл облысында қуаты 4,9 баллдық жер сілкінісі болды

Жамбыл облысында қуаты 4,9 баллдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуінен зардап шеккендер жоқ, бірақ шошынып қалған тұрғындар үйлерін тастап далаға шығып кеткен.

Жер сілкінісін сезген жұртшылық екі сағаттан бері төтенше жағдайлар қызметіне толассыз қоңырау соғып жатыр. Бірақ мамандар тұрғындарға даурығуға негіз жоқ дегенді айтуда. Дегенмен хабарласқандарға қажетті құжаттарды жинақтап сақ отыруға да кеңес берді. Сейсмологтардың айтуынша,  зілзала кіндігі Тараз қаласының шығысына қарай таулы аймақтарда тіркелген. Ал оның екінші толқыны болу-болмауын жауапты мамандар тап басып айта алмай отыр.

Омар Тәкеев, Жамбыл облыстық ТЖД бөлім бастығы:

- Ол біздің таулы аймақтарда болған. Құлан, Т.Рысқұлов, Байзақ аудандарының елді-мекендерінде емес, таулы аймақтарында. Қырғыз елімен шекаралас болып, сол жерлерде. Аса қауіп жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін