Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қордай» өткізу бекетінде шекарашылар жасағы көліктерді тексеру барысында Қазақстаннан Қырғызстанға «БМВ» автокөлігімен бет алған екі Қазақстан азаматын ұстады. Ұсталғандардан декларацияда көрсетілмеген 51 700 доллар, сондай-ақ, жалпы құны 2 мың доллар тұратын түрлі ұялы телефондар мен ИЖ-79 маркалы газды тапанша табылды.
«Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.