Жамбыл облысында төтенше жағдайлар комиссиясы жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында төтенше жағдайлар комиссиясы жұмысын бастады

Жамбыл облысында төтенше жағдайлар комиссиясы жұмысын бастады

Тараз. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында табиғат апатынан болған шығын көлемін есептеп, үйлердің бұзылу деңгейін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Наурыз 2008
  • 724
Фото - Caravan.kz

«Ақпанның аяғында Жуалы ауданында Алатау бөктерінде орналасқан Бәйтерек, Марьяновка және Жаңаталап ауылдарындағы үйлердің іргелері өздігінен жарыла бастады. Бәйтерек ауылындағы үйлердің тұрғындары көбінесе зардап шеккен. Ақтөбе ауыл округінде бүлінген 137 үйдің 88 осы ауылда орналасқан «, — деп хабарлады Жуалы ауданының әкімі А. Қарабалаев.

Әкімдікте айтқанындай, үйлердің бұзыла бастауына көп уақытқа созылған аяздар түрткі болған. Ал бұл жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне әкеліп соқтырған. Соңғы рет мұндай жағдай 1968 жылы болған деп хабарлады жергілікті тұрғындар. Биылғы жылы жер қыртысы бір метрге дейін аяздап, содан жер асты сулары жоғары көтерілді. Құдықтардағы су жерден 15-25 сантиметрге жоғары шыққан.

Әкімдікте хабарлағанындай, бүгінгі күні арналарды тазартудың дренажды жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер «Таразқұрылыс» ЖШС болды. Сондай-ақ, топографиялық жұмыстар жасалуда. Бұған төрт бірлік техника жұмылдырылды. «Жер асты суларды азайтудың жүйелік дренажды-коллекторлық жөндеу жұмыстарының» жобасын «Қазоңгидроөткізужоба» ЖШС дайындады. Жобаның құны — 51 млн 384 мың 180 теңге.

«Бүгінгі күні барлық аймақ бойынша апатты жағдайда 14 үй тұр. Бұл үйлердің тұрғындары жақын уақытта қауіпсіз жерлерге көшірілуі керек», — деді әкім. «Табиғат апатынан зардап шеккен адамдардың баспаналары қалпына келтіріледі «, — деп мәлімдеді Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембин.

Жалпы облыс бойынша жағдай тұрақты деп атап өтті әкімдікте. Поездардың қауіпсіз жүру қозғалысы мен көктемгі су тасқыны кезеңінде көлік жолдарының бұзылуын ескерту шаралары дайындалды.

Тараз қаласының тұрғындары мен аумағын селден қорғау шараларын өткізу үшін қала әкімдігі 15 миллион теңге бөлді .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті