Жамбыл облысында жол апатынан үш адам мерт болып, екі адам жараланды
Жамбыл облысының Жуалы ауданында жол апатынан үш адам мерт болып, екі адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Жол апаты Алматы-Ташкент тас жолының 573-ші шақырымында шыққан. "ВАЗ-2109" автокөлігі "Москвич-412" автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан үш жолаушы, соның ішінде 3 және 11 жастағы екі бала оқиға орнында тіл тартпай кетті. 27 жастағы тағы бір әйел мен 3 жасар қыз түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін