Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам қаза тауып, 34 жолаушы жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам қаза тауып, 34 жолаушы жарақат алды

Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам қаза тауып, 34 жолаушы жарақат алды

Бүгін таңғы жетілерде Алматы-Ташкент жолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп мәлімдеді Жамбыл облысы прокурорының орнбасары Халидолла Дәуешов.

  • 31 Тамыз 2013
  • 451
Фото - Caravan.kz

«Алматы-Ташкент» бағытында келе жатқан 52 жолаушысы бар «Сетра» көлігі «Хово» жүк көлігімен қақтығысып қалды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам, оның ішінде 1 бала қаза болды. 34 жолаушы әртүрлі жарақаттармен Т. Рысқұлов ауданының ауруханасына жеткізілді. Олардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.


Оқиға орнына прокуратура мен полиция қызметкерлері шықты. Қазіргі уақытта прокуратура мен аудандық ІІБ-мен тексеру жүргізілуде.