Жамбыл облысындағы 11 адамның өліміне әкеп соққан апатқа жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысындағы 11 адамның өліміне әкеп соққан апатқа жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін

Жамбыл облысындағы 11 адамның өліміне әкеп соққан апатқа жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін

Жамбыл облысындағы 11 адамның өмірін жалмаған апатқа жүк көлігі жүргізушісінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен.

  • 1 Қыркүйек 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Алғашқы тергеу шаралары көрсеткендей, апатқа жүк көлігі жүргізушісінің денсаулығының күрт нашарлауы немесе ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін», — делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыз күні таңғы жеті шамасында Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент» автожолының 370-шақырымында Астана — Шымкент (Жетісай) бағытында келе жатқан 52 жолаушысы бар «Сетра» көлігі «Әлібек» ЖШС-не тиесілі «SHACMAN» жүк көлігімен қақтығысып қалды. Құлан ауылынан Мерке ауылына қарай беттеген «SHACMAN» жүк көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 37 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының жүргізушісі басқарған «SETRA» автобусымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші және сегіз жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы Құлан ауылының аудандық ауруханасында жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі таңда 33 жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханада, олардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.

Белгілі болғандай, Мерке — Луговая станциясы бағытымен құрылыс материалдарын тасымалдаған жүк көлігінің 24 жастағы жүргізушісі биылғы жылдың 26 маусымында ҚР ӘҚбК 462 бабы бойынша (Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi) істі болған.


Қазіргі таңда Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның прокуратурасы мен ІІБ тексеріс жүргізуде, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен.