«ҚР ТЖМ «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушыларының (6 адам, 2 техника бірлігі) және ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының күшімен 31 тамыз күні 1957 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы С. Дмитриевті іздеу жұмыстары жүргізілді. Қараңғы түсуіне байланысты іздестіру шаралары тоқтатылды, 1 қыркүйекте жалғасады», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыз күні таңғы жеті шамасында Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент» автожолының 370-шақырымында Астана — Шымкент (Жетісай) бағытында келе жатқан 52 жолаушысы бар «Сетра» көлігі «Әлібек» ЖШС-не тиесілі «SHACMAN» жүк көлігімен қақтығысып қалды. Құлан ауылынан Мерке ауылына қарай беттеген «SHACMAN» жүк көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 37 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының жүргізушісі басқарған «SETRA» автобусымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші және сегіз жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы Құлан ауылының аудандық ауруханасында жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі таңда 33 жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханада, олардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.
Белгілі болғандай, Мерке — Луговая станциясы бағытымен құрылыс материалдарын тасымалдаған жүк көлігінің 24 жастағы жүргізушісі биылғы жылдың 26 маусымында ҚР ӘҚбК 462 бабы бойынша (Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi) істі болған.
Қазіргі таңда Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның прокуратурасы мен ІІБ тексеріс жүргізуде, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен.