Жамбыл облысындағы қоныс колониясы жазасын өтеуші 6 адамға іздеу жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысындағы қоныс колониясы жазасын өтеуші 6 адамға іздеу жариялады

Жамбыл облысындағы қоныс колониясы жазасын өтеуші 6 адамға іздеу жариялады

Жамбыл облысында сотталғандар түзеу мекемесінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

  • 15 Қыркүйек 2017
  • 314
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Қашқындарды колония басшылығы жатпай-тұрмай іздеген екен. Енді таппаған соң елден көмек сұрауға мәжбүр. Бұл азаматтар алаяқтықпен айналысып, және ұсақ-түйек ұрлық жасап түрмеге түскен. Сөйтіп, жақсы тәртіптері үшін қоныс колониясына ауыстырылып, тіпті жұмысқа да орналасып алған.

Мұнда кәдімгі түрмедегідей қатаң тәртіп жоқ. Бірақ сонда да осы алты сотталушы кеткен ізімен қайта келмепті. Алды бір жыл бұрын шығып кетіп оралмаса, соңғысы осыдан екі апта бұрын жұмысқа деп кетіп, содан ары ізім-қайым жоғалған. Барлығы Алматы облысының тумалары. Енді бұлар қолға түссе, жаза үстіне жаза жамап алмақ.

“Қашып жүрген алтаудың ішінде екеуінің жаза мерзімі аяқталған. Біреуіне бір ай қалған кезде мекеме аумағынан кетіп қалған. Екіншісінің осы тамыздың 26-да жаза мерзімі аяқталып, босап шығу керек еді. Қалғандарына бір жылдай бар әлі”, – дейді ЖД-158/5 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Төлен Бұзауов.


Соңғы жаңалықтар